
2026 жылы 11 ауданда 421,5 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жоспарланғанған Бүгінде қаржыландыру көлеміне сәйкес 374,1 мың гектарды қамту көзделіп отыр. Биыл шегірткеге қарсы күрес шараларына жалпы 2 030 адамды жұмылдыру жоспарланған. Оның ішінде 65 инспектор, 65 болжам орталығының маманы, 200 жергілікті атқарушы орган қызметкері, 200 ветеринария саласының маманы, 400 табиғат қорғау қызметкері және 1100 уақытша анықтаушы бар. Сондай-ақ агротехникалық шаралар аясында 2,2 мың гектар аумақта жер жырту жұмыстары жүргізіліп, оның жартысы игерілген. Бұл әдіс зиянкестердің көбеюін 35-50 пайызға төмендетуге мүмкіндік берген.