ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ
🔰Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында республика көлімінде 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған. Аталған тапсырмаға сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2027 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жұмыстары бойынша арнайы кешенді жоспар бекітілген. Бүгінде 2021-2025 жылдары аралығында 96 мың гектар жерге 146 млн түп көшет егілді. Жоспар 116 пайызға артығымен орындалды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
🔰Облыс басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне көктемгі ағаш егу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, бекітілген жоспардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар кейбір аудандарда суару жүйелері мен қоршау жұмыстарының төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын сынға алып, көшет отырғызу сапасын күшейтуді жеткізді.
🔰Жиында көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баяндама жасап, алдағы жоспарларын атап өтті. Оның айтуынша, 2026-2027 жылдары аралығында қалған 14 мың гектар жерге, 24 млн түп көшет егу жұмыстары толығымен атқарылады. Биылғы наурыз айында 13 600 гектар жер жырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.
🔰2025 жылы облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне қарасты 22 тұқымбақта 30 миллионға жуық көшет өсіріліп, ормандарды толықтыруға 10 миллионнан астам көшет егілді.
🔰Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыру аясында облысқа 1,1 млн көшет отырғызу тапсырылған. Өткен жылы 1 065 139 түп көшет егілді. Ал 2026 жылға 1 млн көшет отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 312 мың көшет аудан-қалаларға таратылған. Көктемгі маусымға дайындық аясында 374 гектар жер қамтылып, суару жүйелері 80 пайызға, қоршау жұмыстары 84 пайызға қамтылған.
🔰Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 13 аудан, қала әкімдіктерінде жер бөлініп, тұқымбақтар ашылды.
🔰Биыл Наурызнама аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай жаппай ағаш отырғызу және тазалық акциялары өткізілді. Нәтижесінде 46 гектар жерге 32 256 түп көшет отырғызылып, 821 гектар аумақ тазартылып, 1032 тонна қоқыс шығарылды.
🔰Сондай-ақ Түркістан қаласы маңында 30 мың гектар аумақта «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы жүзеге асуда. Қазіргі таңда оның 29 544 гектары мемлекеттік орман қоры санатына енгізілген. 2026 жылғы жоспарға сәйкес, көктемде 100 гектарға 294,1 мың түп сексеуіл, ал күзде 9 415 гектар аумаққа 776 мың түп жапырақты ағаш көшеттері отырғызылады.
🔰Жасыл белдеуде отырғызылған көшеттерді суғаруға арналған 390 дана су ұңғымалары жұмыс істейді. Биыл олардың 60-ының насосын жөндеу жоспарланған.
🔰Оған қоса, әуежай жолы бойындағы су жүйелері қысқы маусымда толық тазаланып, вегетациялық кезеңдерге дайындық жұмыстары атқарылды.
🔰Отырғызылған ағаштарды жазғы ыстық ауа-райында бірыңғай суғаруды қамтамасыз ету мақсатында тамшылатып суғару жүйелерін жаңарту және қосымша 4 дана бассейнге қуаттылығы сағатына 80-120 м3 болатын су айдағыш құрылғыларын орнату жоспарлануда.
Алдағы уақытта, Түркістан қаласы айналасы мен облыс көлеміндегі көгалдандыру жұмыстары тұрақты жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі