Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында тоғызқұмалықтың рапид түрінен Нұрсая Ұстазхан қарсыластарынан оқ бойы озып, ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бағдарламасында Айару Қалдыбекова күміс жүлдеге ие болса, осы жас санатындағы классика түрінде Азеля Әбдірали қола медальді қанжығасына байлады.