
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшелері Түркістан облысына келді. Делегация құрамында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр Арзыбек Кожошев, интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев, техникалық реттеу жөніндегі министр Александр Субботин, кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Сергей Шкляев, сондай-ақ бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр Максим Ермолович бар.