«ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТУРАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМІ Ө.ШӨКЕЕВТІҢ БАЯНДАМАСЫ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»  ТУРАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМІ Ө.ШӨКЕЕВТІҢ БАЯНДАМАСЫ

Бүгінгі мәжілістің күн тәртібіндегі «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және оларды шешу перспективалары» туралы мәселе, ең өзектілердің бірі екендігіне еш күмәніміз жоқ.

Өздеріңізге белгілі 2020 жылғы 1-мамырда Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, орталық бетпақдала коллекторынан (келген су 180 м3/сек, өткізу қабілеті 120 м3/сек) тасыған су салдарынан Мақтаарал ауданының  5 елді мекенін (6 211 тұрғынды) су басып төтенше жағдай орын алды.

Төтенше жағдай салдарынан 1030 тұрғын үй, 3 мектеп,                 5 бала бақша, 4 денсаулық сақтау, 10 сауда объектілері, автомобиль жолдары, 1 көпір, 5 695 га егістік пен жайылым жерлер су астында қалды.

Су басқан аумақтың ситуациялық картасы жасалып, жедел және авариялық көмек көрсету қызметтері жұмылдырылды.

Анықтама: Авариялық құтқару жұмыстарына жалпы 1635 адам,
297 техника, 17 қайық, 220 мотопомпа жұмылдырылды.

Қосымша Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан және Шымкент қаласынан күш құралдар тартылды.

Көрші ­Өзбекстан Республикасынан  223 қызметкер, 62 техника, 100 су сорғыш техникасы көмекке келді.

Су басқан және су басу қауіпі бар елді мекендерден 30 606 адам және  15 171 бас үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді.

Жалпы 11 млн. 798 мың литр су қауіпсіз аумаққа қашыртылды. 931 үй жануарларының өлекселері (негізінен ӨР аумағынан ағып келген) судан шығарылып, жойылды. 2,8 млн. шаршы метр аумақ залалсыздандырылды.

Апаттың салдарын жоюға бүкіл республика атсалысты.

Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатаң бақылауында болды.

Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан 100,0 мың теңге көлемінде төтенше жағдайдан зардап шеккен 5 елді мекеннің (Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас) 5 524 тұрғынына 552 млн. теңге төленсе, Алишер Усмановтың қоры есебінен су басқан                                
5 (Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас) және эвакуацияланған 8 елді мекендердегі (Мырзакент, Жайлыбаев, Нұрлытаң, Шұғыла, Жантақсай, Нұрлыжол, Арайлы және Ақжол) 5 318 отбасыға 1000 АҚШ доллары көлемінде 2,2 млрд. теңге қаржы берілді.

Бүгінгі таңда, аудандағы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарына, Мырзакент кентінде жаңадан бой көтерген ықшам ауданында 386 жеке тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, кілттері үй иелеріне табысталды.

Анықтама: Оның ішінде 196 тұрғын үй құрылысына Үкіметтік резерв есебінен қаржы  бөлінсе, қалған 190 тұрғын үйдің құрылысы қайырылымдық және өзге де қорлар арқылы жүргізілді.

Сонымен қатар, Фирдоуси мен Өргебас елді мекендерінде жалпы 504 тұрғын үйлердің 494-нің құрылыстары аяқталып,
10 үй жақын арада пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда                              1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша,
1 дәрегерлік амбулатория және 1 полициялық тірек пунктінің құрылыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп, аяқталса, 1 дәрігерлік амбулатория мен 1 полициялық тірек пункті, Өргебас ауылында
1 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 полициялық тірек пункті құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда аталған мектеп пен балабақша келесі жылға өтпелі болса, қалған нысандардың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы, Мақтаарал ауданындағы көшелер қайта жөндеуден өтіп, елді мекендерде абаттандыру, аяқжолдар мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аудандағы елді мекендер одан әрі көркейіп  жаңа қоныс кейіпіне айналды!

Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдай тұрақты.     

Көріп отырғандарыңыздай, бір ғана Сардоба су қоймасының қауіпсіздігі 31,7 млрд. теңгеден астам шығынға алып келді.  Бір қуанарлығы, адам шығыны орын алмады.

Сондықтан, бүгінгі күн тәртібінде қаралып отырған мәселе орынды талқылау деп есептеймін.

Осы орайда, Түркістан облысында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп қатерлерінің алдын алу және ағын суларды тиімді пайдалану үшін бірқатар өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды назарларыңызға ұсынсам:

Бірінші, сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр болатын Шардара су қоймасының мәселесі.

Су қоймадан Арнасай су тарабын қоса есептегенде жиынтығы 2570 текше метр секундына 3/сек) су тастай алады.

1969 жылы өтімі 4210 текше метр секундына 3/сек) су келіп апатты жағдай орын алған. Осындай жағдай қайталанса Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендерді, яғни Түркістан облысында  тұратын 60,0 мыңнан астам тұрғыны мен Қызылорда облысының 200,0 мыңнан астам тұрғындарын су басып қалу қауіпі туындайды.

Сондықтан, шұғыл түрде «Шардара ауданында Шардара су қоймасының оң жақ жағалауынан өтімдігі 1500 текше метр секундына 3/сек) болатын аппатты су қашыртқы салу» қажет.

Бұл кезек күттірмейтін мәселенің зардабы 2 облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келеді. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде (келісім шарт құны- 42,8 млн.тг.).

Екінші, Республикадағы суармалы жерлердің үштен бір бөлігі Түркістан облысына тиеселі (486,2 мың га). Аймақта 72 мың агроқұрылымдар тіркеліп, 180 мың адам жұмыспен қамтылған. 

Сондықтан  агроөнеркәсіп кешенде еңбек өнімділігін арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында келесі өзекті мәселерді шешу қажеттілігі туындауда.

Атап айтқанда. Облыс орталығы Түркістан қаласын суландыру үшін:

         - Түркістан магистральдық арнасын күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 2021 жылға (7,0 млрд. теңге) қаржы қажет;

        - «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылыс жұмыстарына ағымдағы жылға (1,2 млрд. теңге) қаржы бөлу мақұлданды.

        Бұл келер жылдың қаңтар-ақпан айларының өзінде су қоймаға  10,0 млн. текше метр (м3.) ағын су жинауға мүмкіндік береді.

Әрі қарай су қоймасы жұмысын аяқтау үшін 2021 жылға
(1,8 млрд. теңге) қаржы қажеттігі туындап отыр.

Сондай-ақ, «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасының құрылысын бастауға 2021 жылға (7,0 млрд. теңге)  қажет. 

        Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен:

        - «Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту» (құны 2,3 млдр.тг.)

        - «Қосымша 34,7 млн. текше метр (м3) ағын су беретін
134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру»

(құны 2,7 млдр.тг.) жобалары қарқынды түрде жүзеге асуда.

Ендігі кезекте, облыстың дамуына мультипликативтік нәтиже беретін ірі жобалар атап өтсем:

        - Шардара ауданындағы «Жаушықұм алқабын игеру» жобаларының құрылысын бастауға;

        - Арыс қаласындағы «Қожатоғай массивін игеру» мен «Қызылқұм магистралды каналының 3-ші, 4-ші кезеңінің құрылысы» жобаларына құжаттама әзірлеуге (ТЭН, ЖСҚ)  қаржы қарастыруды ұсынамын.

        Нәтижесінде, 97,7 мың га жаңадан суармалы жерлер айналымға қосылып, қосымша жыл-сайын 175,0 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Кентау қаласындағы Мырғалымсай кен орнының жұмысы тоқтауы салдарынан, шахталар суға толып, су тасқыны кезінде жер асты сулары деңгейі көтеріліп, нәтижесінде Кентау қаласындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің шөгуі, іргетастардың зақымдануы орын алуда.        

Болжамдық есеппен шахтадан су деңгейін 440 метрден    394 метрге дейін төмендету қажет. Шамамен 40 млн. текше метр 3) жер асты суын шығаруды қажет етеді. Бұл шахталы жер асты суын Түркістан қаласын суландыру мен өсімдік шаруашылығына пайдалануға мүмкіндік бар.

Осыған орай, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, апаттың алдын алу жолдарын қарастыруды Парламенттік тыңдаудың қорытындылары бойынша әзірленетін ұсынымға енгізуді сұраймын.