ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ХАНТАҒЫДАҒЫ БҰЛАҚ КӨЗДЕРІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ХАНТАҒЫДАҒЫ БҰЛАҚ КӨЗДЕРІ АШЫЛДЫ
 
📍Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық шара ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға қала әкімі Жандос Тасов, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар қатысты.
▪️Шара барысында қала әкімі акцияға қатысушыларға алғыс білдіріп, қоршаған ортаны қорғау баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды тазалықты сақтау, туған жерге жанашырлықпен қарау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
▪️Акция аясында Хантағы ауылындағы тау бөктеріндегі бұлақ көздерін ашу, ағын су жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 400-ден астам адам жұмылдырылып, 10-нан аса арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
▪️Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да Кентау қаласында экологиялық акциялар жалғасын тауып, тазалықты сақтауға бағытталған жобалар іске асырылады.
Айта кетейік, облыс көлемінде «Мөлдір бұлақ» акциясы Түлкібас ауданында басталып, оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі