ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КЕРУЕН САРАЙ» КЕШЕНІНДЕ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КЕРУЕН САРАЙ» КЕШЕНІНДЕ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
 
⚜️Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешені аумағында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге ұлттық мерекенің шаттығын бөлісті. Сондай-ақ салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты.
⚜️Салтанатты шара барысында республика мен Түркістан облысының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады.
⚜️Мереке аясында ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды. Қонақтар қазақтың тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, көпшілік асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлерін тамашалады.
⚜️Ұлыстың ұлы күнін атап өтуде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, мәдениетіміз дәріптелді. Түркістан төріндегі мерекелік шаралар халықтың зор ықыласына бөленіп, елдің бірлігі мен берекесін айшықтай түсті.
⚜️Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні жаңа атшабарда да өтіп жатыр. Наурыз думаны атшабарда 22 наурызда да жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі