НАУРЫЗНАМА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

НАУРЫЗНАМА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ
 
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық экологиялық акция өткізіліп келеді. Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында «Тазару күніне орай» жалпыоблыстық сенбілік өтті.
▪️Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және қала ардагерлері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар қатысты.
▪️Тазару күні аясында алдын ала белгіленген орындарға ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 100 түп көшетке арнайы QR-кодтар орнатылып, «TazaLike» экофестивалі аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы ұйымдастырылып, бұлақ көздері тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
▪️Мамандардың айтуынша, Наурыз мейрамы – тазару мен жаңарудың символы. Осыған орай ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін 140 мыңнан астам көшет отырғызылды. Ал бүгінгі шара аясында облыс көлемінде 15 мыңға жуық ағаш көшеттері егіліп, 20 мыңға жуық адам атсалысты. Сәуір айының соңына дейін 300 мыңнан аса көшет отырғызу жоспарланып отыр. Жалпы биыл 1 миллион түп көшет егіледі деп күтілуде.
▪️Аталған шара Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. «Тазалық эстафетасы»алдағы уақытта да өңірдің барлық аудан, қалаларында өз жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі