
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі Үндеуінде: «Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді», дей келе «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына ресми түрде бастау берді. «Мөлдір бұлақ» акциясы – тек бір күндік шара емес, бұл – болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыру жолындағы жүйелі жұмыс. Бүгінде су тапшылығы – барлық өңірге ортақ мәселе. Сондықтан бұлақ көздерін сақтау, оларды тұрақты түрде тазалау және тиімді пайдалану – баршамыздың міндетіміз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыздың даналығы осы бастаманың мәнін айқындайды. Бүгінгі акцияға облыс бойынша 1500 адам қатысуда. Жалпы, алдағы уақытта өңірдегі 1500-дей бұлақтың көзін ашамыз, – деді Нұралхан Көшеров.