Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Бұл еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті кең көлемде енгізу мақсатында қабылданды.
Осының аясында қаладағы Кентау политехникалық колледжде білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға және заманауи еңбек нарығы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған мамандандырылған IT-кабинеті ашылды.
Шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов алдымен оқу орынның базасымен танысып шықты. Аталмыш оқу орнында студенттерге сапалы білім беру мақсатында барлық мүмкіндіктер заман талабына сай жасалынған.
Жаңа IT-кабинет заманауи компьютерлік жабдықтармен, бағдарламалық жасақтамамен және ақпараттық технологияларды, бағдарламалау негіздерін, сандық шешімдерді және тәжірибеге бағдарланған оқытуды сапалы игеру үшін қажетті оқу ресурстарымен жабдықталған. Жасалған жағдайлар студенттерге экономиканы цифрландыру жағдайында сұранысқа ие өзекті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
2026 жылы Жасанды интеллект жылында мамандандырылған IT-кабинеттің ашылуы ИИ элементтерін білім беру процесіне енгізу, білім алушылардың жобалық қызметін дамыту, кәсіби шеберлік байқауларына дайындау және студенттерде заманауи зияткерлік жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасайды.
Колледж әкімшілігінің атап өтуінше, бұл кабинет білім беруді цифрлық трансформациялауға бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асырудың негізгі алаңына айналады және әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен ІТ және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Айта кетейік, Кентау политехникалық колледжі талап етілген техникалық және өндірістік бағыттар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын өңірдің жетекші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. Колледж заманауи білім беру технологияларын енгізіп, материалдық-техникалық базаны жаңартып және әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты дамытуда. Колледж тәжірибеге бағытталған оқытуды, дуальді жүйе элементтерін қолдана отырып «Alageum Electric» КТ бөлімшесінің кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынасты іске асырады.
Колледжде 800-ден аса білім алушыға 11 мамандық және 20 біліктілік бойынша, 60-тан астам жоғары білікті педагог білім беру процесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі