ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
 
⚜️Бүгін, 19 наурыз – Жаңару күніне орай Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылындағы «Бейбітшілік саябағында» және Сұраншы батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында жаппай көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
⚜️Игі шараға Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, «Көрікті Сайрам» КММ ұжымы мен белсенді жастар қатысты.
⚜️Шара барысында аудан әкімі жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Жаңару күнінің мән-маңызына тоқталды.
⚜️Жалпы тұрғын үйлер аулаларына 150 түп қарағай, боз арша, жай арша және терек көшеттері отырғызылып, жұмыстарға 6 техника жұмылдырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі