
Көктемгі кезеңге сәйкес көгалдандыруға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, көгалдарды күтіп ұстау, суару жүйелерін реттеу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар сынған немесе бүлінген инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, орындықтар мен жарықшамдарын жөндеу, ағаштарды әектеу, бұталарды қырқу, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру шаралары да қатар атқарылуда.