16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ

16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
 
Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне арналған тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – ата-бабадан аманат болған салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау.
Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы жүргізді.
Кездесу барысында ұлттық дәстүрлер туралы бейнеролик көрсетіліп, ақжаулықты әжелер шашу шашып, ән шырқап, жиынға ерекше ұлттық рух сыйлады. Сондай-ақ қатысушы жастарға «Бестемше», «Асық ату» ойындарының ережелері түсіндіріліп, іс жүзінде ойнап көрді.
Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер:
🔹 Нұржамал Көбейқызы Халыбекова – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагер әжесі, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті.
🔹 Тұрар Сәрсенбайұлы Тілеулиев – ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, Түркістан қаласы білім бөлімі өнер мектебінің директоры, ұлттық өнер мен рухани мұраның маңызын атап өтті.
🔹 Қашымхан Боранбайұлы Дәуренқұлов – Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Тоғызқұмалақ қайраткері, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығының директоры, ұлттық зияткерлік ойындардың тарихы мен тәрбиелік мәніне тоқталды.
🔹 Нұрбек Әлібекұлы Рысбек – Түркістан облысы бойынша «Асық ату» ұлттық спортының бас маманы, ұлттық спорт түрлерінің жастар тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып өтті.
Сонымен қатар шараға атақты айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков қонақ ретінде қатысып, өз үлесін қосты.
Кездесу барысында жастар мен қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, ұлттық мұраны сақтау мен дәріптеу жайы кеңінен талқыланды.
✨ Шара соңында қатысушылар Наурыз мерекесімен құттықтап, ұлттық салт-дәстүр – ұлт рухының мәңгі тірегі екенін атап өтті.
🌿 Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз жасай берсін!