
Байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, халықаралық достық кездесу аясында өтті. Оған Венгрия, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің өкілдері қатысты. Жарыс барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дайындық деңгейін көрсетті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.