
Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық – техникалық жағынан толықтай қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші азамат бар, олардың 4 мыңы қоларба пайдаланады, 8171-інің көру, сондай-ақ, 4430 азаматтың есту қабілеті нашар. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Жалпы өңірде референдум жоғары деңгейде өтіп, дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.