
– Басты мақсатымыз – ауылда интенсивті бау-бақша шаруашылығын дамыту. Қазіргі таңда Түркиядан шабдалының төрт түрлі сұрпын, сондай-ақ шие көшеттерін алдыртып жатырмыз. Ал жүзім көшеттері Қытайдан жеткізіледі. Алдағы уақытта тамшылатып суару жүйесін толық іске қосып, сапалы өнім алып, ішкі нарықты жеміс-жидекпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – дейді шаруа.