
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Ордабасы ауданындағы тұрғындармен кездесті. Сапар барысында ол ең алдымен Темірлан ауылындағы Ордабасы аудандық «Өнер» мектебінің жұмысымен танысты. Маңызды басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.