Қаңтар айымен салыстырғанда:

бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға азайды

түйіндемелер саны 23,1%-ға қысқарды
Жұмыс күшіне сұраныс негізінен әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторында сақталуда:
• білім беру – 26,9 мың бос жұмыс орны;
• өзге де қызметтер – 14,6 мың;
• денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 9,4 мың;
• өңдеу өнеркәсібі – 8,6 мың.
Қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Бос жұмыс орындарының біліктілік құрылымы:
• 44,2% – орта біліктілікті;
• 34,4% – жоғары білікті мамандар;
• 21,4% – біліктілігі жоқ.
Өңірлер бойынша бос жұмыс орындары қай жерлерде көп?

Павлодар облысы – 8,1 мың;

Астана қаласы – 7,8 мың;

Түркістан облысы – 7,4 мың;

Қарағанды облысы – 6,6 мың;

Алматы қаласы – 6,3 мың.
Жұмыс іздеуде қай өңір тұрғындары белсенді?
Ең көп түйіндеме жариялағандар:
• Түркістан облысының тұрғындары – 16,8 мың;
• Астана қаласының тұрғындары – 10,2 мың;
• Алматы облысының тұрғындары – 9,5 мың;
• Алматы қаласының тұрғындары – 9,2 мың.
Жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты – 35 жасқа дейінгі жастар (42,3%).
Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы:

мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші – шамамен 3,6 млн теңге;

құрылыс саласындағы жобаның бас технологы – шамамен 2,8 млн теңге;

материалтану жөніндегі техник – шамамен 2,2 млн теңге.
Ең жоғары жалақы күтетін жұмыс іздеушілер:

ұшқыштар – шамамен 3,3 млн теңге;

инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар – шамамен 2,1 млн теңге;

оқу курстарын әзірлеушілер – шамамен 2 млн теңге.