
Инвесторлар Түркістан облысы шетелдік компанияларға барлық қолдау көрсетіп жатқанын айтып, өңірдің әлеуетіне қызығушылық танытты. Компания туралы толық ақпарат беріп, туризм саласында жаңа жобаларды ұсынды. Демалыс аумақтарында көрініс алаңдарын, капсула үйлер орнату жобаларын таныстырды. Олар наурыз айының соңында құрылыс жұмыстарын бастауға дайын екенін айтып, жергілікті биліктен жұмыс процесін тездетуге қолдау көрсетуді сұрады.