
Мемлекет басшысының бастамасымен ел аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғау ісіне қоғамның барлық өкілдерін жұмылдыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында ұйымдастырылған ауқымды көгалдандыру жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сондай-ақ, белсенді жастар қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Қатысушылар «Тәуелсіздік» саябағына сән беретін түрлі декоративті ағаштарды отырғызып, ауданның жасыл желегін көбейтуге атсалысты.