
– Бүгінгі күн – Мақтаарал ауданы үшін ерекше тарихи сәт. Аудандағы барлық елді мекендерді табиғи газбен қамту міндеті толық орындалды. Бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Табиғи газ тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етеді, – деді аудан басшысы.