
Өңірде ана мәртебесінің биіктігін айқындайтын тағы бір айрықша көрсеткіш – көпбалалы аналардың көптігі. Республикадағы 861,6 мың көпбалалы ананың төрттен бір бөлігі, яғни 191 мыңнан астамы дәл осы өңірде өмір сүріп жатыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар саны – 123 059 ана, «Батыр ана» атанған 1849 аяулы жан, «Алтын алқа» иегері атанған 18 964 ана, «Күміс алқа» төсбелгісін иеленген 45 мыңнан аса ана және I–II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 2879 ана бар.