
Атап айтқанда, Айша Насанова 35 келіде, Сезім Нұрлыбек 43 келіде, Аруна Шалман 55 келіде және Нұргүл Сахи 67 келі салмақ дәрежесінде ел чемпиондары атанды. Сондай-ақ Индира Абраман 58 келіде, Мадинабану Бахтиярова 64 келіде, Зарина Жұмабаева 67 келі салмақта, Балжан Қалбек +70 келіде ел біріншілігінің күміс медаль олжалады. Одан бөлек, Айсезім Тұрсынбай 33 келіде, Інжу Пернебай 43 келіде, Асылжан Құрманбай 55 келі салмақта Айзере Бауыржан 58 келіде және Айару Ергешбай 70 келі салмақта қола жүлдегер атанып, Түркістан облысында бокс қарқынды дамығанын дәлелдей түсті.