
Егіс көлемінде бірқатар өзгерістер бар. Мақта 162 мың гектарға егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға көп. Жүгері 55,2 мың гектарға, мақсары 85,4 мың гектарға дейін ұлғайды. Ал суды үнемдеу мақсатында күріш алқабы қысқартылып, 3,5 мың гектарды құрайды.