
Аталған додада Түркістан облысының намысын қорғаған Б.Саттарханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің садақ ату бөлімінің спортшысы бәйдібектік Қыдырәлі Бақытжан жекелей сайыста тамаша өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, командалық сайыста да түркістандық мергендер жүлделі орыннан көрінді. Мектеп спортшылары қазығұрттық Бекнұр Игілік, сарыағаштық Эльдар Рахым және келестік Бейбіт Магаматкул топтық сында қола жүлдегер атанды.