
– Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруды, отандық өндірісті дамытуды тапсырды. Жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің жұмыс көрсеткіші ең алдымен инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашумен сараланады. Жұмысты ширатып, инвестициялық жобаларды сүймелдеу керек. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету жалғасады. Екіншіден, барлық аудан, қаладағы өндірістік алаңдарды зерделеп шығыңыздар. Индустриалды аймақтардан жерді алып, жобасын мүлдем бастамай отырған инвесторлардан жер мемлекетке қайтарылып, басқа кәсіпкерлерге ұсынылады, – деген Нұралхан Көшеров бірқатар жобаның кешігіп жатқанына тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.