
Қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша жобаларын ұсынуда. Атап айтқанда, AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау, лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу, мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді айқындау, заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық сайттарды анықтау, Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар және қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыттағы шешімдерді әзірлеу.