
Биыл егіс құрылымын әртараптандыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, мақта алқабы 17 мың гектарға ұлғайып, 162 мың гектарды құрайды, жүгері 15 мың гектарға артып, 55,2 мың гектарға жеткізіледі, ал мақсары 16 мың гектарға көбейіп, 85,4 мың гектарға орналастырылады. Су шығынын азайту мақсатында күріш 7 мың гектарға қысқартылса, ауыспалы егіс талаптарына сәйкес бидай көлемі 25 мың гектарға азайтылып, 216,3 мың гектар болады.