
Жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысы республикада мал шаруашылығы бойынша жетекші орнын сақтап тұр. Бүгінде ірі қара малдың 14%-ы (1 105,1 мың бас), ұсақ малдың 22%-ы (4 432,2 мың бас), жылқының 11%-ы (492,9 мың бас) және түйенің 14%-ы (40,9 мың бас) – облыстың үлесінде. 2025 жылы өңірде 130,5 мың тонна ет, 474,4 мың тонна сүт және 265,4 млн дана жұмыртқа (2,2 млн бас құс) өндірілді. Бұл тұрақты дамудың арқасында ет экспортының әлеуеті артты. Республикадағы ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы Түркістан облысына тиесілі. 2025 жылы экспортқа 30 мың тонна ірі қара мал еті және 32 мың тонна қой еті шығарылды.