Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бірқатар ауданда тұрғындармен жоспарланған кездесулері кейінге шегерілгенін хабарлаймыз.
Кездесулердің өтетін күні мен уақыты қосымша анықталып, алдын ала ресми ақпарат көздері арқылы жарияланады.
Баршаңызды түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жаңартылған ақпаратты Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан қадағалай аласыздар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі