
– Алдымен баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімекттің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканың нақты секторын күшейту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде тапсырма берді. Өңірімізде осы бағытта жұмыс жалғасуда. Бүгін біз Түркістан облысының дамуы үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында жаңа зауыт ашылып, жұмыс орындары құрылды. Біз үшін әрбір өндіріс орны мен жоба маңызды. «QazEcoPack» компаниясы жобасының іске қосылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді. Осы бастаманы жүзеге асырған Халмет Думан ағамыз бен кәсіпорын ұжымына сәттілік және табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.