
2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы мен Украина арасындағы тауар айналымы 10,5 млн АҚШ долларына жетті. Нақтырақ айтқанда, экспорт – 0,5 млн АҚШ доллары, импорт – 10 млн АҚШ доллары. Қазақстаннан Украинаға негізінен мұнай, металдар, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығы тауарлары және көмір экспортталады. Өз кезегінде Қазақстан Украинадан жоғары технологиялық жабдықтар, дәрі-дәрмек және өзге де өнімдерді импорттайды.