Өндіріс орнының ашылу салтанатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дархан Ахмед-Заки мен аудан әкімі Азизхан Исмаилов сөз сөйлеп, жобаның өңір үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, өндіріс пен білімнің сабақтастығын нығайту, жас мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізу және кәсіпорынның әрі қарай кеңею мүмкіндіктерін атап өтті. Шара барысында қонақтар өндіріс цехтарын аралап, технологиялық өндіріспен танысты.