
Ылғал сүйгіш дақылдардың тиімділігін арттыру мақсатында мақта егісінде де жаңа тәсілдер белсенді қолданылуда. 2024 жылы мақта 105,2 мың гектарға дәстүрлі әдіспен, 1,2 мың гектарға жаңа технологиямен егілсе, 2025 жылы керісінше, жаңа технология көлемі 52,2 мың гектарға дейін ұлғайды. Нәтижесінде гектарына 60 центнерге дейін өнім алынып, 89,3 млн м³ су үнемделді. 2026 жылы мақта дақылын жаңа технологиямен 87 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған.