
Мәшһүр Жүсіп елді мекеніндегі су қоймасында ұңғыма қазу үшін 2025 жылдың қарашасында мердігермен келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда елді мекеніндегі су қоймасының аумағында тереңдігі 705 метр жаңа ұңғыма қазу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Осылайша, ауылдағы 6 көше, 139 үй таза ауыз суға қол жеткізді.