«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
📍Түркістан облысы Сарыағаш қаласы аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында орталық көшелер мен орталық алаңда кезекті рет кешенді тазалық шаралары ұйымдастырылды. Аталған жұмыстарды «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Тазалық науқанына 3 арнайы техника тартылып, 30-дан астам қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде көше бойлары мен ішкі көшелердегі арық-атыздар қоқыстан тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.
▪️Сонымен қатар ағаш бұтақтарын кесу, жаяу жүргіншілер жолын тазарту, көше бойларын абаттандыру, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық орындарда санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлініп, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде түсіндіру шаралары да қолға алынған.
▪️Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірде тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта құру жұмыстары күшейтілмек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі