
Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан бұл бастамалар – тек өндіріс орындарын ашу емес, экономиканы әртараптандыру, терең өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы нақты қадамдар. Индустрия, құрылыс материалдары өндірісі, металл өңдеу, агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаңа жобалар Түркістан облысын еліміздің жетекші өндірістік орталықтарының біріне айналдыруға негіз болмақ.