2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 148 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 148 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысымен облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Өңірде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы нәтижесінде орташа айлық жалақы III тоқсанның қорытындысымен 288,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артты.
Өткен жылы өңірде ауқымды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылды. Аталған бастамалар аясында 130 769 адамды еңбекпен қамту бағдарламаларына тарту жоспарланып, нақты шаралар қабылданды. Оның ішінде 45 086 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, 57 221 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп, өңірдегі жұмыс орындарының санын арттыруға басымдық берілді. Бұдан бөлек, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бағдарламасы аясында 22 595 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалды. Сондай-ақ 1 793 азаматқа грант беру арқылы өз ісін бастауға қолдау көрсету, 4 074 адамды электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру межесі қойылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысымен 147 719 адам жұмыспен қамтылып, еңбек нарығындағы белсенділік артты. Оның ішінде 48 032 азамат мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына қатысса, ал 99 687 адам жаңа жұмыс орындарын жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды қорғау мақсатында 2026 жылдың 1 қаңтарына 10 мың отбасына, яғни 62,2 мың адамға жалпы сомасы 6 062,4 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 34,4 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш халықтың табысының артып, өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жақсарғанын көрсетеді.
Бұл шаралар өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтар айындағы дерек бойынша облыс халқының саны 2 148,6 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқы – 545,3 мың адам немесе 25,4 пайызды, ал ауыл халқы – 1 603,4 мың адам немесе 74,6 пайызды құрайды. Өңір халқының басым бөлігінің ауылдық жерлерде тұрғандықтан, ауылдық аумақтарды дамытуға басымдық берілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі