
Жеке қабылдауда болған азаматтар тарапынан түрлі салаларға қатысты 900-ға жуық өтініш пен ұсыныс-пікірлер айтылды. Өтініш иелері тұрғын үй алу, инфрақұрылым, білім, жер даулары, жұмыспен қамтамасыз ету салаларына қатысты мәселелерді жиі көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй саласы – 122, білім саласы – 89, инфрақұрылым саласы – 72, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласы – 59, жер қатынастары саласы – 56, денсаулық сақтау саласы – 38, мәдениет және спорт саласы – 34 және ауыл шаруашылығы саласына қатысты 28 мәселе көтерілген. Осы ретте, тиісті мемлекеттік органдардың тарапынан оперативті түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ оң шешімін табу нәтижесінде 336 азамат қабылдауға кіруден бас тартты. Қазіргі таңда 2025 жылы жеке қабылдауға жазылған азаматтардың барлығы қабылданды. 2026 жылға жеке қабылдануға кіретін азаматтар тізімі жасақталуда.