
– Аудан, қала әкімдері және басқарма басшылары орындаушылық тәртіпті тікелей жеке бақылауларына алып, халықпен тығыз кері байланыс орнатуға тиіс. Бүгін әкімдіктің кеңейтілген алқа отырысында облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуына әсер ететін өзекті мәселер талқыланды. Жыл басынан бері бекітілген индикаторларға қол жеткізбеген аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың 25 лауазымды тұлғасына тәртіптік шара көрілді. Мақсат – шара көру емес, бекітілген межеге қол жеткізу. Сондықтан, орынбасарларыма аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшылары әрбір индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды мерзімінде қабылдауды тапсырамын. Көш соңындағы үш аудан, қала мен басқарма басшыларына тәртіптік шара қаралады. 2026 жылға бекітілген индикаторлар мен тапсырмаларды сапалы орындау үшін жұмысты күшейтіңіздер. Мақсат – өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және барлық салада жоғары нәтижеге қол жеткізу – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.