Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 19 ақпанында, сағат 11.00-де Түркістан қалалық мәдениет үйінде өтеді. Сонымен қатар облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 12.00-де Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында (Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, №28) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 17 ақпанға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Өтетін орны: Түркістан қаласы, қалалық мәдениет үйі, Тауке хан даңғылы, №85

Күні: 19 ақпан

Уақыты: 11.00