ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ 1667,0 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ 1667,0 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
▪️Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір экономикасын әртараптандырып, жұмыс орындарын ашуға, кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынған. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 585,8 млрд теңгені, нақы көлем индексі 110,1%-ды құрады.
▪️Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 1 667,0 мың теңгеге жетті. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша өңірде жалпы өңірлік өнім құрылымында басым бағыттар айқындалды. Олар: ауыл, орман және балық шаруашылығы – 495,3 млрд теңге, өнеркәсіп – 567,6 млрд теңге, көтерме және бөлшек сауда – 195,8 млрд теңге, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 417,3 млрд теңге, көлік және қойма шаруашылығы – 334,9 млрд теңге, білім – 545,2 млрд теңге және құрылыс – 306,7 млрд теңге.
▪️Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2025 жылғы қараша айына 113,9%-ды құрап, экономикалық өсімнің артқандығын көрсетеді. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 596,0 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 113,8%. Тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 715,7 млрд теңгені немесе НКИ 113,8%-ды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 114,7% деңгейінде қалыптасып, өнім көлемі 770,7 млрд теңгені құрады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі