ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАДА МАЛАЗЫҚТЫҚ БИДАЙМЕН ҚАМТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАДА МАЛАЗЫҚТЫҚ БИДАЙМЕН ҚАМТЫЛУДА
▪️Түркістан облысында мал азығына деген тапшылықтың алдын алу және қосымша азық қорын қалыптастыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған шаралар облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, өңірдегі мал шаруашылығын қолдауға бағытталған. Осы бастама аясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «ALTYN NAN» ЖШС арасында келісімшарт жасалып, малазықтық бидай шаруаларға нарықтағы бағадан 20–30 пайызға төмендетіліп ұсынылуда. Атап айтқанда, бидайдың бір келісі 90 теңгеден тікелей жеткізілуде.
▪️Жоспарға сәйкес, мал азықтық бидай Түлкібас теміржол станциясына жеткізіліп, одан әрі «ALTYN NAN» ЖШС арқылы аудан, қалаларға бөлінді. Нәтижесінде 221 тонна бидай Созақ ауданына, 251,7 тонна Бәйдібек ауданына, 259,2 тонна Төлеби ауданына, 124,6 тонна Түлкібас ауданына, 30 тонна Отырар ауданына және 23,5 тонна Арыс қаласына таратылды. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша жалпы саны 225 шаруа қожалығы 910 тонна малазықтық бидаймен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта да облыс әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдау, әсіресе мал азығымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.