
Тәукехан көшесінде орналасқан жергілікті маңызы бар сәулеттік нысандар кешені де назарға алынды. Жалпы аумағы 0,42 гектарды құрайтын бұл аумақта 4 ғимарат орналасқан. Оның ішінде бір ғимараттың аумағы 500 шаршы метр болса, қалған ғимараттардың жалпы көлемі 2000 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар 2500 шаршы метрлік сквер аумағы бар. Жобалық жоспарға сәйкес ғимараттардың сәулеттік бейнесі сақталып, олар мұражай ретінде пайдаланылып, теміржол тақырыбындағы скверге айналып, абаттандырылмақ.