
ҚР Шахмат федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан чемпионат 10 күнге созылады. Атап айтқанда, ұлдар және қыздар арасында 6, 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі санаттар бойынша классика, рапид және блиц түрлерінен медальдар сарапқа салынады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және ақшалай сыйақылармен марапатталады. Жарыстың жлпы жүлде қоры – 15 млн 120 мың теңге. Әр жас санаты бойынша бірінші орынға – 250 мың, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 100 мың теңге тапсырылады.