ТҮРКІСТАНДЫҚ ТЕННИСШІ АУСТРАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ТАРИХИ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТЕННИСШІ АУСТРАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ТАРИХИ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
📍ITF әлемдік жасөспірімдер рейтингісінің 12-ші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Траралгон қаласында өтіп жатқан ITF J300 жасөспірімдер турнирінің ширек финалына шығып, тарихи табысқа қол жеткізді.
▪️Түркістан тумасы Аустралияның жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионаты қарсаңында өтетін беделді турнирдің үздік сегіздігінің тізіміне сенімді түрде енді.
▪️Үшінші айналымда қазақтың жас спортшысы ITF Juniors рейтингісінде 21-орында тұрған АҚШ өкілі Гэвин Гудты жеңді.
▪️Бұл еліміз үшін тарихи жеңіс болды. Сабебі Заңғар Нұрланұлы Траралгондағы J300 турнирінің жеке сайысының 1/4 финалына шыққан алғашқы қазақстандық жасөспірім болып тарихқа енді.
▪️Жарыстың жартылай финалына шығу үшін талантты спортшы ITF Juniors рейтингінде бесінші орында тұрған бразилиялық Луиш Гута Мигельмен кездеседі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі