
– Облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Арыстанғани Расилханұлын шын жүректен құттықтаймын. Сізге осы жауапты әрі маңызды қызметте табыс пен абырой тілеймін! Осы уақытқа дейін бұл қызметті абыроймен атқарған Мұрат Талапұлына Түркістан облысы тұрғындары атынан шынайы алғысымды білдіремін.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруды тапсырды. Бұл бағытта өңірде заң үстемдігін қамтамасыз
ету және қоғамдық тәртіпті нығайту жолында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Облыс әкімдігі тарапыннан құқық қорғау органдарының еңбектеріне қолайлы орта туғызу, материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті қолдаулар көрсетіліп келеді. Біздің басты міндетіміз – әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінетін, заң үстемдігі нақты қамтамасыз етілген ортаны қалыптастыру.

Қауіпсіз орта – бұл тек қылмыстың болмауы емес, ол халықтың полицияға деген сенімі, әділдік пен тәртіптің сақталуы. Сондықтан біз бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы жүргіземіз деп сенім білдіремін, – деді Нұралхан Көшеров.