ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
▪️Түркістан қаласында «Түркістан» әлеуметтік корпоративтік даму қорының тапсырысымен 80 төсек-орынға арналған заманауи перзентхананың құрылысы жүріп жатыр. Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен жүзеге асырылуда.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын бақылады. Бұл жобаның Түркістан халқы үшін маңызын атап өтіп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
📌– Ана мен бала денсаулығы – біздің басты назарымызда. Өңірде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуы аса маңызды. Нысанның қасбеті Түркістан қаласының сәулеттік келбетіне сай болуы тиіс. Құрылысты сапалы аяқтап, тұрғындарға мерзімінде қолданысқа беруді тапсырамын, – деді облыс басшысы.
▪️Жобаның жалпы құны – 8,3 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарын «Эристайл Казахстан» ЖШС жүргізуде. 3,3 гектар аумақта орналасқан орталықта ана мен балаға қолайлы жағдай жасалмақ. Бір және екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 17 288 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекеме 4 блоктан, 30 орындық жүктілік патологиясы және босанған аналардың денсаулығын қарайтын 50 орындық бөлімнен тұрады. Барлық бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталады.
▪️Әлеуметтік маңызы зор нысанның құрылысы 2025 жылы басталған. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 109 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Перзентхананы 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру көзделуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі