Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Сарыағаштық тұрғын өтінішін бейнебайланыс арқылы жеткізді. Ол заңсыз салынған тұрғын үй құрылысын бұзуды, жер учаскесінің шекарасы бойынан кейін шегінуді міндеттеу бойынша сотқа жүгінген, сот шешімімен келіспей аппеляциялық шағым түсіргенін айтты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға деректерді зерделеп, шешуді тапсырды.
Ордабасылық азаматтар Шұбарсу ауылында бау-бақша, жылыжай және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін бөлінген жерлерді құжаттандыру барысында туындаған қиындықтарын жеткізді. Мәселе аясында тиісті шаралар қабылданатын болды.
Арыстық кәсіпкер инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінішін айтты.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастыратын болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға
egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі