ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ҚҰНЫ 161,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 32 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ  ҚҰНЫ 161,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 32 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Сайрам ауданында 2025 жылға негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 170 млрд теңге болып жоспарланған. Дегенмен, өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 181,5 млрд теңгеге жетіп, жылдық жоспардан 11,5 млрд теңгеге немесе 6,8 пайызға артық орындалды.
Былтыр аудан көлемінде 16 инвестициялық жоба іске қосылып, 570 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында – 4 жоба, ауыл шаруашылығы саласында – 3 жоба, шағын және орта кәсіпкерлік саласында 6 жоба.
Биыл аудан аумағында жалпы құны 161,2 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2 408 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі